Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Айгүл Орынбек мектептегі орамал мәселесін көтерген ҚМДБ-ға шүйлікті

Айгүл Орынбек мектептегі орамал мәселесін көтерген ҚМДБ-ға шүйлікті
Инстаграм
Айгүл Орынбек: Наурызбай қажы отставкіге кетуі керек

Құқық қорғаушы Айгүл Орынбек мектептегі хиджап дауы енді басылды ма дегенде қайта көтерген Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасына шүйлікті.  Ол шариғат бойынша балиғат жасына жеткендер мектеп қабырғасында неке жайлы мәселе көтеруі әбден мүмкін екенін тілге тиек етті. Сонымен қоса, мемлекет саясатына дүрлі діни ұйымдардың өз талаптарын алға тартып, араласуына еш құқығы жоғын ескертті, деп жазды KYN.KZ  тілшісі. 

“Біздің Елде ішкі ахуал - әлі де тұрақты емес, орамал дауының көтерілуі  де - тектен-тек емес! ҚМДБ-ның мектеп формасы мәселесіне араласуға құқығы жоқ! Шариғатта он үш жас - ол балиғатқа келген болып есептеледі.  Ал дәл қазіргі қоғам мен заманда балиғат жас, ол - баланың кәмелетке толған, яғни 18 жасы болып табылады. Бала мектепте білім алуы қажет! Жасы 18-ге келген соң ғана қандай дінді ұстанатынын өзі шешу керек!

Діни басқарманың басқа істейтін жұмысы қалмаған ба? Оданда, мына милары уланып, сақалдары тізелеріне жетіп, қара “никабқа” бүркеніп, салт-дәстүріміз бен ұлттық аспабымыз домбыраның өзін - “харам” деп ашық уағыз айтып отырғандармен күреспей ме?”, деп жазды ол.

Шариғат  бойынша, балиғат жасына яғни 13-ке толған қызбаласы орамал тағып жүру керек екенін де бүкпей айтып отыр. Ертең-ақ аз-кем уақыттан соң, “балиғат жастағы қыз еркекпен неке қиып, жыныстық қатынасқа да түсе беруі керек” деп пәтуа  шығарады ма сонда?

Біздің Мемлекет басқаруына және саяси ахуалға - дінді араластырмаңдар! Дін мен ағымның түрі көп! Әркім өз дінін, өз ұстанымын Мемлекет басқаруына тықпалай беретін болса, Мемлекетіміздің тәуелсіздігіне, тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қауіп төнеді!

Әлеуметтік желі, әсіресе жастар қауымы жаппай отыратын “Тик-ток” желілерінде  салт-дәстүрмізге ашық қарсы шығып, миллиондаған халыққа жат ағымды насихаттаушы “никаб” пен “хиджаб” кигендер көбейіп кетті! Ал бұған қарсы бағытталған немесе тыйым болар, тіпті ұлттық идеологияға әсер ететін жұмыстарды да жоспарлы жобаларды көрмедік! Бас Муфти Наурызбай қажы “отставкіге” кетуі керек!”,- деп жазды заңгер.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар