Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қуандық Рахым: Қазақстан дауысы жобасына тәлімгерлікке ұсыныс түскенде халықтың пікірінен қорықтым (видео)

Қуандық Рахым: Қазақстан дауысы жобасына тәлімгерлікке ұсыныс түскенде халықтың пікірінен  қорықтым (видео)
Инстаграм парақшасынан алынды
Қуандық: қарапайым, халықтың ортасынан шыққан таланттарды алға қарай жетелесем деген мақсат.

Қуандық Рахым Қазақстан дауысы жобасына тәлімгерлікке ұсыныс түскенде  халықтың пікірінен қорқып алғашында бас тартқанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.  Әнші бұл жайлы "Таңшолпан" бағдарламасына берген сұхбатында айтты. 

Өзін алғашында тәлімгер болуға ерте деп ойлаған әнші, кейіннен қара домбырасын ұстап, дәстүрлі ән айтатын талантты балаларды алға жетелеуді мақсаты қойғанын жеткізді.

"Тәлімгерлікке ұсыныс түскенде мен  қорықтым. Бірден басттарттым. Мен халықтың пікіріне, сөзіне қараймын. Өзіде 4-5 жыл бұрын ғана шыққан  әнші. Біреуге тәлімгерлік ететіндей, ұстаз болып, алға жетелейтіндей деңгейге шыққан жоққой дейтінін білдім. Содан кейін ақылдаса келе Қазақстан дауысы болған соң осы жыл мен отырайыншы, мен таңдайыншы деп отыра салатын нәрсе емесқой. Бұл бағдарламаның да талаптары бар шығар. Мені арнайы дәстүрлі ән мен домбыраны алуға сүйрейді-ау дегеннен кейін өзіме жауапкершілікті алып, өзім сияқты қара домалақ, қарапайым, халықтың ортасынан шыққан таланттарды алға қарай жетелесем деген мақсатпен келдім,- деді әнші Қуандық Рахым. 

Айта кетейік, әнші 9 қыркүйекте басталған Қазақстан дауысы жобасының жаңа маусымында тәлімгерлер қатарына қосылған. Бірінші эфирде Қуандық Рахыммен жұмыс жасауды қатысушы Азамат Бекбергенов таңдаған. 

 

Akarman K
Автор

Akarman K

21 years old

Ұқсас жаңалықтар