Жол апатынан жапа шеккен 21 жастағы қыз кінәлілердің жазалануын сұрауда
- автор Akarman K
- 13 қыркүйек, 2023
- 3.7k
Жол апатынан жапа шеккен 21 жастағы қыз кінәлілердің ісіне жауап беруін сұрауда, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Осыдан бір жарым ай бұрын Оразымай жан түршігерлік жол апатына түседі. Оразымай отырған көлік тайотаға соғысады. Үлкен жол апаты салдарынан 21 жасар қыз жанын әрең аман алып қалған. Айтуынша осы апаттан соң Оразымайдың қазіргі жағдайы қиын. Отадан соң бетінде үлкен іздері қалған.
"Көп адамдар бетіме қарайды. Ұяламын. Шыққым келмейді. Өзімнің жұмысымнан да сұрап көрдім. Бір-екі тиын болса да деп. Сізге қазір тыныштық керек деді олар. Офицанттың өзіне алмайды қазір. Ата-анам өзі ауырады. Үйде. Оларға ауыртпашылық салғым келмейді",-дейді көлік апатынан зардап шеккен Оразымай
Осы жол көлік апатына кәніләлер әлі жауапқа тартылмаған. Жапа шегушінің әпкесі Ұлтай кінәлілер өз ісіне жауап бермей, құтылып кететін болды деген уайымымен бөлісті.
"Жасы небәрі 21 сіңілім. Бетінің жарақатына байланысты көліп апаты болған кездегі кінәліліредің жазалауын сұраймын. Көлік апатына қатысты әділ шешім сұраймын. Асан немесе оның бауыры Үсен нақты кім екенін білмеймін. Сіңлімнің дәрілерін алып беремін деді, ол - жоқ. Сіңілімнің жағдайы мынау. Жұмысқа жарамсыз қазіргі жағдайда, құлағына кеш жетеді",-дейді әпкесі Ұлтай Нұрадинова.
21 жасар қызды бұл жағдайға жеткізген жол апаты күндіз орын алған. Өзінің бетіндегі жарадан бөлек, жан жарасыда күннен күнге асқынуда. Жапа шегушінің анасын қызының баяғыдай емес екенін айтуда. Қызымды танымай қалдым дейді ол.