Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жуырда ғана үйленген блогер Zheka Fatbelly-ға қайын атасы көлік сыйлады(фото)

Жуырда ғана үйленген блогер Zheka Fatbelly-ға қайын атасы көлік сыйлады(фото)
Инстаграм парақшасынан алынды
Әсерлі жазба жариялаған блогер, оқырмандарын жылатты.

Жуырда ғана үйленген блогер Zheka Fatbelly-ға қайын атасы көлік сыйлады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Бұл туралы блогер өз парақшасында бөлісті. 

17 жасында әкесінен айырылған блогер бұл сыйлықты көліктен бұрын, әкесінің махаббаты, қамқорлығы ретінде қабылдаған. Мақтау, көрсету үшін емес сезімдерімен бөлісу мақсатындар оқырмандарымен бөліскен.

"Әкемнен сыйлық (Қайын ата). Бұл сыйлық туралы, көлік туралы, мақтану туралы пост емес. Бұл пост 17 жасында әкесінен айырылған Жеканың сезімдері туралы.  Әкемді жоғалтқан кезде алға қарай қимылдау қиын болды, бірақ Алланың қалауымен мен өз-өзімді қолыма алдым. 26 жастамын, менің енді әкем бар. Алла менің жетім қылып қалдырмады. Өте жағымды сезім. Өзімді ерке ұл сезініп тұрмын. Біздің отбасымыз үлкейді. Мен бақыттымын",-деп жазба жариялады Жека. 

Беташары да, тойы да ел аузында болған блогер өз сезімдерін осылай жеткізді. Оқырмандары кішкентай Жека үшін қуанышты екенін айтып, бақытты болуын тілеуде.  
 

 

 

Akarman K
Автор

Akarman K

21 years old

Ұқсас жаңалықтар