Блогер Нұрдәулет айына пәтерақыға екі миллион төлеп 500 мың доллор тұр үйді жалдап тұратынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Бұл жайлы Жібек жолы арнасына берген сұхбатында айтты.
Өз пәтерін сатып, қаражатын пәтер жалдауға жаратып жатқан блогер, бастысы өзіне сеніп, тәуекел етіп, алға жүру дейді.
«Бір айға 2 миллион төлеп тұру аз емес. Бірден үш айға 6 миллион төледім. Мен 250 миллион тұратын үйде тұрамын. Ол ақшаға үйді сатып алғанша өзіме инвестиция құйып, машина алайын, контент түсірейін, ютубқа түсірейін, бағдарлама жасайын. Үлкен үй, кең үй. Ешқандай өмірде гарантия жоқ. Кез келген адам жұмыстан шығып қалуы мүмкін. Мақсат өз жұмысыңа инвестиция жасау,сену, тәуекел ету. Ия, мен қадалып қалуым мүмкін. Неше түрлі жағдай болуы мүмкін. Мен өзіме сенем. Ары қарай жұмыс істей аламын»,- дейді блогер Нұрдәулет.
Әлеуметтік желіде 4 миллионнан астам оқырманы бар блогер өз жұмысын сүйіп жасайды. Оқырмандарына жақсы контент жасау үшін түрлі машиналар мініп, жақсы пәтерлерді тұруға тырысады екен. Қайырымдылықпен де жиі айналысады. Өзі секілді блогерлермен үй көлік секілді дүниелерге бәстесіп, қызықты әрі пайдалы ақпараттармен бөліседі.