4 баласымен америкалыққа тұрмысқа шыққан қазақ қызы күйеуінің мейірімділігіне қуанып жылады
- автор Akarman K
- 15 қыркүйек, 2023
- 2.7k
Америкада тұратын Айдын күйеуінің мейірімділігін көріп жылап қалды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Қазақ қызы бұл жайлы өз инстаграм парақшасында бөліскен.
Айдын үнемі оқырман қыз-келіншектеріне қолдау көрсетуге дайын. Әлеуметтік желіде белсенді ару балалардың еміне көмектесіп, қарттар үйіне барып қариялардың көңіл-күйін көтеріп тұрады. Инстаграмға жүктеген бұл видеосы оқырман қыздарының жүрегін елжіретті.
"Жәй ғана осы тікелей эфир сақталып тұрсын. Балаларым өскенде көрсетемін. Бізге қайырлы түн. Сізге мағыналы күн",- деп жаза жариялады Айдын. Бұл видеосын өз сторисні "Міне мен не үшін күйімнің фанатымын" деген сөздермен жариялап қойды.
"Сенде мүмкіндік болды. Сен ең жақсы әкені таңдадың", "Туған әкеден жылу көрмей жүргендер бар", "қазақтың ер азаматтары да осылай баламен айналыссағой біраз өзгеріс болатын еді", "сүйсіне қарайтын көрініс",- дейді желі оқырмандары.
Айта кетейік, біз бұған дейін Айдынның АҚШ-та қазақ қызына көмектескені туралы жазған едік.