Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Зейнеп Ахметова: келін деген ол-тұлға

Зейнеп Ахметова: келін деген ол-тұлға
Видеодан кадр
Ене мен келіннің ынтымағы мықты болса, ұрпақ жақсы өседі дейді жазушы.

Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова ене мен келін тақырыбында сөз  қозғады. Келіннің  бірінші орында  - тұлға екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Бұл жайлы Жібек жолы арнасына берген сұхбатта айтқан. 

Қазіргі таңдағы өте маңызды тақырыпқа пікір білдірген жазушы өнегелі сөздерді айтты. Отбасының ауызбіршілігі жақсы болып, ұрпақтың текті болып өсуі тікелей ене мен келіннің қарым-қатынасына байланысты дейді жазушы. 

"Келінін жамандайтын енелерден сұраймын. Сенің оған не еңбегің сіңді. Біреу өмірге келтірді. Оқытты, шоқытты, дайын күйі мә деп қолыңа ұстатты. Егер бір адамды бір әлем дейтін болсақ сенің қолыңа бір әлемді ұстатты. Енді сен соған ие бола алмасаң кімсің деймін. Өйткені кез келген әйел ене бола алады. Бірақ, келінге ана бола білу керек. Өйткені  ол келін ендігі жерде  өкше басарың. Сенің мұрагерің. Ендігі жерде сенен кейін әулетіңді өсіретін, шаңырағыңнын отын өшірмей, бала-шағаңды ұстап, берекеге толтыратын сол келін. Ене жақсы болса, келін жақсы. Өйткені ол үлгі-өнеге көрсетеді. Екеуінің ынтымағы мықты болса ұрпақ жақсы өседі. Мен қайталап-қайталап айтамын. Келін деген ол-тұлға. Ененің өмірін жалғастыратын. Ене жақсы болса анау балаларына айтып отырады. Қайран апам осылай болып еді, солай болып еді деп",-дейді Зейнеп Ахметова. 

Келін енесіне  сүйіп қосылған жанның анасы балғаны үшін құрмет көрсету керектігін де сөзге тиек етті. Жарының анасы ең құрметтеуге лайықты адам екенін айтты. Келінге жәй келін ретінде емес, тұлға, ұрпақтың анасы ретінде қарауды насихаттады. 

Akarman K
Автор

Akarman K

21 years old

Ұқсас жаңалықтар