Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қайрат Боранбаев ісі: прокурор кәсіпкердің жазасын жеңілдетуді сұрады

Қайрат Боранбаев ісі: прокурор кәсіпкердің жазасын жеңілдетуді сұрады
Ашық дереккөзі
Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаев тергеу шеңберінде жалпы құны 90 млрд теңгеден асатын активтерді мемлекет меншігіне қайтарған.

Астанада белгілі кәсіпер Қайрат Боранбаев ісі бойынша апелляциялық сот өтіп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі ulysmedia-ға сілтеме жасап. 

Прокурор Қайрат Боранбаевқа шыққан үкім мерзімін 6 жылға дейін қысқартуды сұрады.

«Тараптар Қылмыстық-процессуалды кодекстің 613-бабына сәйкес кінәсін тану туралы іс жүргізу келісімін жасасу үшін шарттардың бар екендігін растайды. Сотталушыларға қатысты азаптауға және басқа да қатыгездік, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын жағдай болған жоқ. Өз еркімен кінәсін мойындау туралы келісім жасалды және оның құқықтық салдарын мойындады. Жәбірленушілердің өкілдері кінәсін мойындау туралы мәміле жасауға келісімдерін берді, Боранбаевқа, Нахановқа және Жанұзаққа наразылықтары жоқ», - деді прокурор Олжас Хайруллаев.

Мемлекетке миллиардтап шығынды қайтарып жатқан олигархқа түпкілікті үкім түстен кейін шығады.Естеріңізге сала кетейік, наурыз айында Боранбаев 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Қайрат Боранбаевтың сенімді өкілі Роман Наханов, сондай-ақ "QazaqGaz "ҰК" АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзақта та  8 жылға сотталды.Жуырда Астана қалалық сотында Қайрат Боранбаевтың ісі бойынша апелляциялық келісім қаралды. Отырыста  кәсіпкер кінәсін мойындап, залалды өтегісі келетінін  мәлімдеген. Бұдан бұрын Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаев тергеу шеңберінде жалпы құны 90 млрд теңгеден асатын активтерді, оның ішінде: мұнай кен орнын, газ тарату компаниясын, сервис саласындағы кәсіпорынды, қонақүй және сауда-ойын-сауық кешендерін, фитнес орталықтар желісін, кеңсе үй-жайларын және басқа да активтерді мемлекет меншігіне қайтарғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, Қайрат Боранбаев Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударды. 

Akarman K
Автор

Akarman K

21 years old

Ұқсас жаңалықтар