Гүлбану Әният: кезінде Түркияға барып Дикий Арманнан пәшкілеп доллар алған әнші-ақындар үнсіз... ( фото)
- автор Akarman K
- 15 қыркүйек, 2023
- 21.2k
Журналист Гүлбану Әният Дикий Арман ісіне қатысты "кезінде Түркияға барып Дикий Арманнан пәшкілеп доллар алған әнші-ақындар үнсіз " деп пікір білдірді. Журналист ойын инстаграм парақшасында жариялаған.
Кеше "Дикий Арманға" қатысты сот отырысы басталған. Қазіргі кезде 45 адам айыпталушы орындығында отыр. Жәбірленушілер адвокаттарының бірі сегіз адам жасырын түрде қатысып отырғанын айтты.
Ал, бүгін қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта "Дикий Арман" деген атпен белгілі Арман Жұмагелдиевтің және басқа да тұлғаларға қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау жалғасуда.
"Жәбірленушілер, кейбір айыпталушылар мен адвокаттардан, сондай-ақ куәгерлерден сот отырысын жабық режимде өткізу туралы өтініштер түсті. Олар айыпталушылар тарапынан өміріне және отбасына нақты қауіп төніп тұрғанын айтты. Сонымен қатар сот адвокат пен айыптылушының прокурорларға қарсылық білдіру туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартты", - деп хабарланды соттан.
Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




