"3 жасында етеккірі келді" деген қызға шын мәнінде не болғаны анықталды
- автор Akarman K
- 18 қыркүйек, 2023
- 35.1k
"3 жасында етеккірі келген" қызға шын мәнінде не болғаны айтылды деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі "Көреміз" бағдарламасына сілтеме жасай отырып.
Балабақшаға кішкентай қызын сау күйде тастап, араға екі сағат салып ауыр жағдайда алып кеткен ана қайғылы жағдайға тәрбиешілерді кінәлап отыр. Жалғыз басты ана желіге видео жариялап, адам айтса нанғысыз жағдайде елге түсіндіріп , көмек сұраған. Осы іс бойынша тексеру жүрді. Нормаға сай жұмыс істемегені үшін балабақша заң алдында жауап беретін болды.
Ал,3 жасында етеккірі келген қызға шын мәнінде не болғаны айтылды. Тәрбиеші Жанна қызға толық, көзінен таса қылмай қарағанын айтты. Арнайы аппарат бойынша сөзінің шын-өтірігін тексергенде балабақшада бұл бала жаралануы мүмкін деген сауалға жоқ деп жауап берді. Бірақ, бұл жауаптың детектор өтірік екенін көрсетті.
"Ол, тыныш бала емес. Әр нәрсені көріп бер деп жылайтын. Болмайды деп айтамыз ба ол түсінбейді. Ол сол кезде тыныш жүрді. Егер соққы алса жылайдығой. Мен де бақырып жылап отырса қарамай отырмаймынғой",-дейді балабақша тәрбиешісі Арай Әшірбекқызы.
Балабақшада жаралануы мүмкін емес деген тәрбиеші Арайдың сөзін шындық детекторы өтірік қылып шығарды. Тәрбиеші Арай өзіне қойылған барлық сұрақққа өтірік жауап берген.
Дәрігер жыныс мүшесі жараланып, қан кеткенін айтқан.
Жеке меншік балабақша басшысы Жандос Ибрагимұлы да бұл жағдайға қатысты өз жауабын берді. Кінә бізден емес дейді ол. Бейнебақылау тағы да басқа балабақшадағы техникалық нәрселерге кәнілі болуымыз мүмкін, бірақ баланың бұлай жаралануына емес деді. Сондай-ақ сөз арасында қыз құлап қалғанын аңдаусызда айтты.
Тексеріс барысында соңына дейін не болғанын тәрбиешілер өз еркімен айтпаған еді. Бірақ, кейіннен зардап шеккен анадан жеке кешірім сұрап, қыздың құлап қалуы мүмкін екендігін мойындаған.
Бұл іске қатысты алдағы уақытта заң алдында кінәлілер жауап беретін болды. Дегенмен көпшілік күмәні және балабақша қызметкерлері берген түрлі ақпараттар баланың құлап, шабынан ауыр жарақат алғанына келіп саяды. Қазірге болған жағдайға ортақ әрі дәл баға берілген жоқ.