Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысында 3 жасар бала балабақшаға барып, кәріз құдығына түсіп көз жұмды

Алматы облысында 3 жасар бала балабақшаға барып, кәріз құдығына түсіп көз жұмды
Ашық дереккөзі
Тәрбешілер баланың кәріз суына түсіп кеткенін даладағы ойыннан ішке кіретін сәтте, оны таппай қалғанда барып білген

Алматы облысында 3 жасар бала балабақшаға барып, кәріз құдығына түсіп көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Оқиға бала 3  жасқа толып, туған күнін тойлап болғаннан кейінгі күні болған. Заңғар есімді бала балабақша ауласындағы кәріз құдығына түсіп, батып кеткен. Баланың отбасы балабақша қызметкерлерінің салғырт қарауынан дейді. 

Анасы 12 қыркүйек күні баласының туған күнін тойлағанын айтты. Таңертең балабақшадан хабарласып, ауыр хәлде екенін естірткен. Анасы ауруханаға жетімін дегенше бала жан тапсырып кеткен. 

"Баламды қайтара алмаймынғой. Бірақ, бұндай салғырттық жасамаса екен деймін",-дейді баланың анасы Ақбота Сатқынбаева.

"Жүрекке батпайды ма, жүрекке батпақ түгілі қан жылап тұр менің жүрегім. Уже өзімді өзім ұстай алмай қаламын кейде. Бұл балабақшаға ауылдың 100-ге жуық баласы келеді екен. Әр топта 20-25 баладан бөлінген. Бір топта екі тәрбиеші мен көмекшілері болады",-дейді Заңғардың атасы. 

Жауапты қызметкерлер жұмыстан босаған. Аудандық білім бөлімінің бас маманы тәрбиешісі басқа балаға қарап жатқанда Заңғар жазғы дәліздің артына кетіп қалған. Сол кеткеннен ішке кіргізер сәтте ғана іздегендігін айтқан. 

Болған оқиға бойынша қылмыстық іс тіркелген. Қазіргі уақытта толық зерттеу жүріп, мән-жәй анықталуда. 

Тұңғыш баласынан айырылған отбасы, оқиғаға жауапты адамдар өз жазасын алуын сұрауда. 

Akarman K
Автор

Akarman K

21 years old

Ұқсас жаңалықтар