Гүлназ: Күйеуім Оралға қызметке барғаннан мені "Ақжайық" телеарнасына басшы етіп сайлап қойған ағайыннан айналдым
- автор Akarman K
- 18 қыркүйек, 2023
- 14.1k
Гүлназ Әлімгерей алдағы жоспарымен Facebook желісінде бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Журналист күйеуінің қайда болса, өзі сонда болатынын жазған.
"Патша көңілді көременнің менің құдай қосқан қосағымнан бөлек қарастыруы-қазақ журналистикасында алған орнымен жоғары баға беруі деп түсінем. Әйтпесе, екеуміздің, тәрбиеміз де, ұстанымымызды салт жүру жоғынан. Естеріңізде болсын, осылан бірнеше жыл бұрын Нұрекең бірге оқимыз деп шешім қабылдағанда да, атақ-лауазымымызды қиып-ақ, мұхит асып Америкада студент атанғанбыз. Отағасы Оралда қызмет етеді деген күннен бастап, "Ақжайық" телеарнасы сыртымнан басшы етіп сайлап қойған ағайыннан айналдым",-дейді журналист.
Журналист ел алдында жарқырап жүргеніне жолдасының үлесі зор екенін айтты. Жақсы ұсыныстардың да көп екенін, бірақ әзірше демалатынын әлеуметтік желісінде жазған.
"Қай кезде де қай маусымда да менің басты жобам азаматым. Соның амандығын Алладан тілеп, абыроймен қызметін атқарып, бастысы аман жүргенін тілеймін",-дейді журналист.