Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Нұрсейіт Жылқышыбай Зайытовқа: "Нұр Отанды" сынап "Нұр Аманатқа" кіріп, депутат болу алаяқтық емес па?

Нұрсейіт Жылқышыбай Зайытовқа: "Нұр Отанды" сынап "Нұр Аманатқа" кіріп, депутат болу алаяқтық емес па?
Ашық дереккөзі
Жылқышыбай: Перуашев,Нұртөре Жүсіптерді көргенде алаяқтардың ордасы Есілдің жағасы ма деп қаласың

Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай Ринат Зайытовтың алаяқтықтың сексен пайызын намаз оқитындар жасайды деген сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

 

"Айтысатын депутат алаяқтықтың сексен  пайызын намаз оқитындар жасайды депті. Бұл ақпаратты Зайытов қайдан алып отыр.  Ішкі істер министрлігі таратты ма, әлде әлеуметтанушыларлың зерттеуі ме? Мүмкін айтыскер арнайы зерттеу жүргізген шығар. Әңгіме алаяқтық туралы екен.  Онда Ринаттан сұрайыншы "Нұр Отанды" сынап партия құрамын деп ел алдында сөз беріп сол "Нұр Аманатқа" кіріп депутат болып алу алаяқтық емес пе? Назарбаев кеткенде жылаған әріптесің Перуашев алаяқ емес пе? Назарбаевты Абылайдан асырып мақтаған тағы бір әріптесің Нұртөре Жүсіптікі алаяқтық емес пе? Жаңа Қазақстанда жүрген осындай ескі қазақстандықтарды көргенде алаяқтардың ордасы Есілдің жағасы ма деп қаласың",- деп жазба жариялады Нұрсейіт Жылқышыбай. 

Бұл жайлы Facebook желісінде жазба жариялаған. Алаяқтық  қалай көрініс табатынын сұрада. Сексен пайызы намаз оқитындардың алаяқ болады деген мәліметті неге сүйеніп айтқанын сұрады. Билік басында отқандар жайлы жеке пікірін мысалмен келтірген. 

 

 

 

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар