Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түркістан облысында оқушылар мал бордақылайтын жерде оқып жүр

Түркістан облысында оқушылар мал бордақылайтын жерде оқып жүр
Ашық дереккөзі
Облыстағы жауапты шенеуніктер тек уәде берумен шектелген.

Түркістан облысына қарасты Ынтымақ ауылында оқушылар мал бордақылайтын жерде оқып жүр, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі KTK арнасына сілтеме жасап. 

Ауыл тұрғындары бұл жерде балаларының білім алып жатқанына 34 жылдай болды дейді. Әбден тозығы жеткен жерде жылда жөндеу жұмыстары жүргізіледі екен. Облыстағы жауапты шенеуніктер тек уәде берумен шектелген. 

"Мынау желге ұшып кетеді, жамаймыз шиферінің бәрін. Жаңағы кісі айтып отыр ғой ағаштарының бәрін ауылда пайға бөлінген қоралар бар, солардың ағашын әкеп жабыстырдық. 23 рет желге ұшты. Мен өзім 19 жыл строительмін, соны жамаудың бәрін осы жерде 56 ер мұғалім бар, артындағы детсад ашылды, детсадты көрдіңіздер столовый боп тұрған жерін 6 мұғаліммен ауылдың бәрі салды сол",-дейді ауыл тұрғыны  Бақытбек Найзабаев.

Қазіргі уақытты бұл мектепте 205 оқушы білім алуда. 10,11 сынып оқушылары орын жетпеген соң көрші ауыл мектептеріне барып оқуда.  Ал, оқытушылар дәлізде сабағына дайындалады екен. 

"Бір сынып комплектісінде 25 оқушы болатын болса бізде 25 бала сияқтын кабинетіміз жоқ қазір. Сол себепті оқушы саны 19-20 болған кезде 2-ге бөлінеді. Сонда бір класта 12 баладан отырады. Бөліп тастаймыз иә. Сол себепті қазір 2,3,4 сыныптар бәрі 2 сыныптан оқиды.  Енді арнайы пән кабинеттері жоқ. Тек қана сабақ өтумен шектеледі. Ал дене шынықтыру күн жылы уақытта алаңымыз бар, спорт алаңы, сол жерде өтеді. Ал қыс уақытында шахмат, шашка, тоғызқұмалақ кабинетте өтеміз"- дейді мектеп директорының орынбасары Берік Аспанов

Мұғалімдер бірнеше жылдан бері ғимарат керек деп хат жазса, ата-аналар облыс әкімдеріне дейін барған екен. Сөйтіп, 20-шы жылы 981 миллион теңгеге мектеп салмақ болған кезде, қаржы жоқ деп кері қайтарылыпты. Енді сол 200 орындық мектептің құны бір миллиард 642 миллион теңгеге дейін көтеріліп кетіпті. Облыстық ақжағалылар қолдап жіберсе биыл жаңа мектеп құрылысы басталмақ.

"Облыстық білім басқармасына тапсырылып, облыстық білім басқармасы арқылы құрылыс басқармасына ұсыныс жасалынды. Осы алдағы қыркүйек айындағы облыс мәслихаттың сессиясына ұсынылуда. Егер облыс мәслихаттың сессиясымен қолдау тауып, қаржы қаралған жағдайда биылғы жылы басталып құрылысы, келесі жылмен жалғасып, келесі жылдың қыркүйек айына пайдалануға берілу жоспарлануда",-дейді Ордабасы аудандық білім бөлімінің әдіскері Мұхитбек Сәрсенбеков.

3 жылда құрылыс құны екі есе өскен мектепті атқамінерлер қолдап жіберсе Ынтымақ ауылының оқушылары келер оқу жылын спорт зал, акт залы мен мұғалімдер бөлмесіне дейін бар жаңа мектепте қарсы алмақ. Ал, егер қолдамаса қазіргідей қырық жамау ескі ғимаратта оқуын жалғастырудан басқа амалдары жоқ.

Akarman K
Автор

Akarman K

21 years old

Ұқсас жаңалықтар