Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ринат Зайытов : Бізде тек қана билікті алып алғысы келетін топ бар

Ринат Зайытов : Бізде тек қана билікті алып алғысы келетін топ бар
Ашық дереккөзі
Зайытов өзін қорқытып жатқандардың бар екенін айтты.

ҚР парламентінің мәжіліс депутаты Ринат Зайытов  Абай live-қа берген сұхбатында тек қана билікті алып алғысы келетін топ бар екендігі жайлы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

"80 пайыз намазхандар алаяқ" деген сөзіне байланысты сұхбат болды. Айтқан  сөзіне тірек болған нәрсе көрген өзінің дүниесі екен. Менің айтқаным шынайы құлшылығын қылып, намазын оқып, жұмаға барып жүргендерге басқаша жетті дейді.

"Бізде тек қана билікті алып алғысы келетін топ бар. Ағымдары маңызды емес. Олар кез келген ағымда болуы мүмкін. Олар неше түрлі болуы мүмкін. Діни ағым олардың тек құралдары ғана. Сенім емес, тек құрал ретінде пайдаланады. Діни ағымдарды басқасын, осындай шу тудыруға дайындап жүрген қауымдар",-дейді Ринат Зайытов. 

Бұл билікті алғысы келетін топтың өкілдерінде ақша, байлық, абыройы, артынан ерген адамдары бар деді.

Ендігі қадамына өзінің парламент мәжіліс депуттаты ретінде алған мақсатын орындайтынын, бұл тақырыпқа қайта оралмайтынын айтты. 

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Нұртас Адамбайдың депутат Ринат Зайытовтың сөзіне дәлел сұрағанын жазып едік. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар