"Жаңа ереже пайда болды": Журналистер енді депутаттарды қуып жүріп, кез-келген жерде сұхбатқа тарта алмайды
Қазақстанның жаңа парламенті – Құрылтайда жұмыс істейтін журналистер үшін жаңа талаптар белгіленді. Енді тілшілердің депутаттардан сұхбат алатын орнына, брифингте сұрақ қоюына және аккредиттеуден өтуіне қатысты арнайы тәртіп қолданылады, деп хабарлайды KYN.KZ.

































