Қоғам
Астанада зейнеткер терезе тазартып жүрген альпинисті ұры деп ойлап, арқанын кесіп тастаған
- автор kyn.kz
- 18 қыркүйек, 2023
- 8.5k
Альпинист арыз жазудан бас тартты.
Астана қаласында зейнет жасындағы әйел өнеркәсіптік альпинисті ұры деп ойлап, арқанын кесіп тастаған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желіде осы оқиғаның бейнежазбасы тараған. Астана полиция департаменті бұл істі растаған.
"Неге олай істедіңіз? Енді мен қалай түсемін?",-дейді альпинист. Зейнеткер ұры деп ойлаған екен.
"Мәлім болғандай оқиғаға әженің қатысы бар екен. Тексеріс нәтижесінде әже альпинисті ұры деп ойлап, арқанды кесіп тастаған. Альпинист арыз жазудан бас тартты",-делінген полицияның баспасөз қызметі хабарламасында.
Учаскелік инспекторлар егде жастағы әйелге түсіндірме жұмыстарын жүргізген.
Келесі мақала