Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ерболат Беделхан жаңа қыздар тобын құрды

Ерболат Беделхан жаңа қыздар тобын құрды
Инстаграм парақшасынан алынды
Продюсердің жаңа тобы “T’OI” деп аталады. 4 қыздан құралған.

Продюсер  Ерболат Беделхан жаңа қыздар тобын шығарды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Бұл жайлы "Жаңа түнгі студияға" берген сұхбатында хабарлаған. 

"Қыздар тобын шығаруға бел будым. Сөйтіп, кастинг жасадым. Қыздардың тобының атауын түсіндірейін. Менің кішігірім философия, көзқарасымды ары қарай тасушы. T'OI  деп топтың аты қойылды. TOY ағылшыннан аударсақ қуыршақ деген сөз. 17 жастағы қыздар әлі балағой, қуыршаққой. TOI ға келсек бұл түрік ойы деген сөз. Үшіншісі ТОЙ . Біз музыкант болғаннан кейін біз ұғымды бұзып жіберген сияқтымыз да. Қарынның тоюы емес негізі көңіл тою керекқой. Сол сөзді мен қайтадан жандандыруға шығардым",-деді әнші, продюсер Ерболатын Беледхан.

4 қыздан  тұратын топ, жуырда шығады. Қыздар тобының мүшелерінің біреуі қарағандылық, екіншісі жезқазғандық, екеуі алматылық дейді продюсер. 

Бұл топтың шығуын күтіп жүргендер көп екен. Сұхбат көрермендері Ерболаттың креативке толы, жасаған продюсерлік жұмысы жақсы шығатынын айтуда. Жаңа қыздар тобын күтетіндер де аз емес екен.

Айта кетейік, елге жаңа бағытты алып келген әнші әрі продюсер жақында ғана "Орда" тобының жалғасы "Орта" тобын шығарған еді.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар