Мақпал Жүнісова әкесі туралы естеліктерді есіне алып жылап қалды
- автор kyn.kz
- 19 қыркүйек, 2023
- 2.9k
Мақпал Жүнісова әкесі туралы естеліктерді есіне алып жылап қалды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Әнші Мақпал Жүнісова журналист Аман Тасығанның хабар арнасындағы "Алғашқы" бағдарламасында қонақ болды. Есіктер ішінен сары есікті таңдаған әнші өзінің жастық шағын, алғашқы рет әншілікке қадам басқан сәттерін, әкесі туралы анасының әңгімесін естіп жылап қалды.
"Мақпалдың кішкентай кезінде домбырамен ән айтқанын әкесі тыңдап отыратын, бірақ әнші болағанын әкесі көрмей кетті",-дейді Мақпал Жүнісованың анасы
Әкесі қызының білім алуы үшін Қарағандыға апарған екен. Басында орыс музыкалық мектебіне беруге тырысқан. Бірақ әнші орыс тілінін білмегендігінен қымсынып, қазақша мектепке баруды таңдаған. Солай әкесі сол жерден ауылға әкелмей, қалада оқисың деп қазақша мектеп интернатына апарған.
Әншінің сіңілісі бірге әке-шешесі болып, бауырларымен бас қосқан кездің болмағанын айтты. Ал әншінің көршісі Мақпал Жүнісованың әкесінің жомарттығын, жұмсақтығын сөз қылды.
Онымен қоса, әншінің отбасындағы пысықтығы, өзін ұстауы жайлы да айтылды.
" Мақпал пол жуғанда бәрімізді далаға қуатын",- дейді әншінің бауыры.