Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мақпал Жүнісова : Закең өлген соң 3 жылдай маған сахна берілмеді, сол мен үшін өліммен тең болды

Мақпал Жүнісова : Закең өлген соң 3 жылдай маған сахна берілмеді, сол мен үшін өліммен тең болды
Ашық дереккөзі
Әнші Мақпал Жүнісова қалай жолдасы Заманбекпен танысқанын айтты.

Мақпал Жүнісова  күйеуі Заманбек Нұрқәділов  қайтыс болған  соң 3 жылдай  сахнаға шығуына рұқсат берілмегенін және соның өзі үшін өліммен тең болғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Бұл жайлы Аман Тасығанның "Алғашқы" бағдарламасында айтты. 

"Ең қорланған кезім сол болды. Күйеуім өлген соң көп сүріне бастадым. Закең өлген соң 3 жылдай маған сахна берілмеді, сол мен үшін өліммен тең болды. Алдымызда анамыз бар ғой. Анамның алдына барып жылаймын. Ол қызыңды ойла. Ана қызыңды өсір. Ертең Заманбек сені ана қызды өсірмесең кешірмейді. Заманбектің аруағы кешірмейді біраз әңгіме айтты. Сол қызым алдамшы болып, мектебіне апарып, алып келіп жүрдім. Бәрі өтті. Түңілуге болмайды екен жалпы. Жылап-жылап алуға болады. Сүрінбеуге тырысу керек",-дейді Мақпал Жүнісова.

Өз жарымен пәтер сұрап барған кезде танысқаны да айтылды. Үйін, дүние мүлкін екі ұлы мен әйеліне қалдырып, бір чемоданмен келген еді дейді әнші. Солай күйеуінің бірде жұмысы бар, бірде жолдасын жұмыстан шығарып тастайтын кездерін есіне алды. Үйленгеннен кейін жары әншінің киіміне, ән сапарыма шектеу қойған. Күйеуі не айтса соны  жасағанын да айтты.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар