Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

25 жастағы Зере Әбутәліпованың өлімін қайын жұрты марқұмның туғандарынан жасырған

25 жастағы Зере Әбутәліпованың өлімін қайын жұрты марқұмның туғандарынан  жасырған
Ашық дереккөзі
Асылып өлді деген Зеренің мойынынан арқанның емес, қолдың іздерін анасы анық байқағанын айтты.

2 баланың анасы Зере Әбутәліпованың өлімін қайын жұрты қыздың туғандарынан жасырған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі "Koremiz” бағдарламасына сілтеме жасап. 

21 шілде күні Зере Әбутәліпованың денесі Тереңөзек ауылындағы үйінен табылған. Қора маңындағы асылып тұрған денені бірінші күйеуі мен енесі көреді. Дегенмен, олар келіннің ата-анасын хабар беруге асықпаған. Қаза болған Зеренің анасы бұл іске қайын жұртын кінәлап отыр. Себебі, мойынынан қол іздерін анық байқаған.  

"Біреу енесі екен дейді, біреу қайын апасы екен дейді. Білмеймінғой енді. Ұрған екен. Сөйтіп өлтіріп алып, іліп қойған екен дейді. Қолдан өлген деп естідік, оның несін жасырамыз. Өтірік емес, қолдан өлтірген",- дейді ауыл тұрғындары осы оқиға бойынша бар естігендерін айтып. 

Бимен айналысып белсенді өмір сүрген Зерені анасы, кішкентайы баласы бар, ол өзін өлтіруге бармайды дейді. 

"Қайын апасы, енесі, күйеу бала жоқ. Қызым бір бөлмеде біреузі жатыр. Ақтыққа оралып",-дейді Марқұмның анасы қызына мән беріп ешкімнің қарамағанын айтып.  Зеренің анасы осы оқиғадан кейін күйеу баласымен сөйлеспеген.

Оқиғаның қалай болған, не болғаны жөнінде зерттеу жүргізілуде. 

Айта кетейік, қаза болған 25 жастағы келіншектің артында 2 кішкентай баласы қалған. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар