Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қос бойжеткенді құлдықтан құтқарған құрбыларға сыйлыққа Умраға жолдама берілді(видео)

Қос бойжеткенді құлдықтан құтқарған құрбыларға сыйлыққа Умраға жолдама берілді(видео)
Ашық дереккөзі
Айша: Жақсылыққа жақсылық деген осы шығар. Ешкімнен ештеңе күтпей жасалындығой...

Назгүл мен Құндыз атты қос бойжеткенді құлдықтан құтқарған құрбыларға сыйлыққа Умра қажылығын өтеуге жолдама берілді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

MM travel компаниясымен Умра сапарын өтейтін болды.

"Жақсылықтың жаршысы жақсылық қана. Сіздер үлкен жақсылық жасадыңыздар. Сіздердің жасаған ерліктеріңіз елдің тарихында қалады. Сіздер қазіргі заманның батырысыздар. Біздің аналарымыз кезінде мықты болған ғой. Қанша текті, батырларды тәрбиелеген. Қазіргі заманда сонша тәуекелдікке барып өздеріңіздің өмірлеріңізге зиян келіп кетуі мүмкін еді. Бірақ, сіздер сондай жақсылық жасадыңыздар",-дейді MM travel компаниясының өкілі.

Бұл Умра қажылығын ата-анасына сыйлауға болатынын да айтты. 

"Мен білмеймін қайтіп баратынымды. Бір ғажайып болып қазан айында Меккеге баратын сияқты болдым. Өзім де солай айттып жүргем. Жақсылыққа жақсылық деген осы шығар. Ешкімнен ештеңе күтпей жасалындығой",- дейді қыздардың құлдықтан құтылуына көмектескен Айша Мұстафина. 
 

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар