Елордада 15 қыркүйек күні қалалық емханаларға тіркелу бойынша жыл сайынғы акция басталды. Ол 15 қарашаға дейін жалғасады. Оның жұмысы туралы қаланың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Төлеуова айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстанда жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін тұрғылықты аумағы шегінде емхананы еркін таңдау науқаны өтеді.
«Емхананы еркін таңдау құқығын пайдаланған кезде аумақтық қағидатты да естен шығармаған жөн, яғни үйде медициналық көмек алу қажет болған жағдайда, дәрігерді немесе мобильді бригаданы шақыру үшін тұрғылықты жері бойынша тіркелу керек. Cебебі, пациент емхананың қызмет көрсету аумағында тұрған кезде ғана үйде медициналық көмек көрсетіледі. Мұны, әсіресе кішкентай балалары бар отбасылар, жүкті әйелдер, мүмкіндігі шектеулі жандар ескеру керек. Оларға консультациялық және диагностикалық, үйдегі стационар мен әлеуметтік қызметтер көрсетіледі», - деп түсіндірді Айнұр Төлеуова.
Бекітілгеннен кейін пациент қызметтер пакетін 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ала бастайды. 31 желтоқсанға дейін қызмет көрсету бұрын тіркелген емханада жалғасады.
Медициналық ұйымға бекіту негіздемелері:
- Бір әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерге бір айдан астам мерзімге немесе бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында шыға отырып, тұрақты немесе уақытша тұратын жерін өзгерту.
- МСАК ұйымдарын бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) еркін таңдауын жүзеге асыру.
- Қордың бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) 15 қыркүйектен бастап 15 қараша аралығында бекіту науқанын (бұдан әрі - бекіту науқанын) жүргізу.
- Сақтандырылған адам мен сақтандыру ұйымының арасында жасалған ЕМС шарты бойынша, оның шеңберінде МСАК ұйымы сақтандырылған тұлғаға медициналық қызмет көрсетеді.
- Өңірлік комиссия айқындаған бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) МСАК ұйымына бекітумен келіспеу.
- МСАК ұйымының азаматтарға МСАК көрсетуден бас тарту, соның ішінде қордың көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын бұзуға немесе өзгертуге әкеп соғатын оны қайта ұйымдастыру, тарату.
- Медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер МСАК ұйымдарына медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастырмау.
- Жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау ұйымдарының пайда болуы.
- Жекешелендіру арқылы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын МСАК ұйымын иеліктен шығару.