Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Асылбек Боранбай: Біз бақытты актерлар қатарындамыз

Асылбек Боранбай: Біз бақытты актерлар қатарындамыз
Ашық дереккөзі
Алдағы уақытта "Тамаша" театры жаңа бағдарламасын халыққа ұсынады.

"Тамаша" театрының актеры Асылбек Боранбай өзінің  бақытты актерлар қатарында екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Актер бұл жайлы "Ұйқым келмейді" бағдарламасына берген сұхбатында айтқан. 

"Көрерменмен қауышамыз. Қазір енді барлығымыз жан-жақта жүрмізғой. Неге десеңіз менің негізгі қызметім Мұхтар Әуезов атындағы ұлттық драма театрда қызмет жасап жүргеніме 30 жылдан астам уақыт болды. Аллаға шүкір сол театрдамыз. Қосымша осы Тамаша ойын-сауық орталығына келдік. Тамаша арқылы елге танылдық. Жаңағы айтып өткен ағаларымыздың үлгі-өнегесін көрдік. Тәрбиесін көрдік. Сол кісілер менен сахналас болдық. Халық сол арқылы бізді сыйлайды, құрметтейді. Шынын айту керек, біз бақытты актерлар қатарынанбыз. Неге десеңіздер сол кісілердің көзін көрдік",-дейді Асылбек Боранбай.

Биыл Тамашаның құрылғанына 45 жыл екен. Актерлар алдағы уақытта өз жұмысын жалғастыратынын хабарлады. Бірақ, баяғыдай болмайтынын айтты. Себебі, алғашқы өте танымал топ мүшелері қазір құрамында жоқ дейді. Жаңадан шәкірт тәрбиелеп жатырмыз дейді.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар