Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Индира Еділбаева: ата-енемнен бөлек тұрамыз

Индира Еділбаева: ата-енемнен бөлек тұрамыз
Инстаграм парақшасынан алынды
Әнші киім жуып, үтіктеп, тамақ пісіруді күйеуіне деген махаббаттан жасайтынын айтты.

Жақында ғана күйеуге шыққан әнші Индира Еділбаева  отбасылық өмірінің қалай болып жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі NTK Entertainment-ке сілтеме жасап. 

"Көп өзгеріс жоқ. Себебі біз ата-анамызбен тұрмаймыз. Өзіміз бөлек тұрамыз. Тамақ пісіру, киім жуу, үтіктеу маған ұнайды. Біріншіден, бұл махаббатпен жасалады. Екіншіден, әйелдік энергияны сезініп көргім келді. Осыдан рахаттанамын. Орамал тағып, сәлем салмаймын, біздің үйде ондай жоқ",- дейді әнші Индира Еділбаева. 

Әнші үйлену тойларын қыркүйектің басында жасаған еді. Мәскеуде танысқан жұп, екі жылдан кейін отбасын құрған. Балиде әншіге күйеуге шығуға ерекше етіп ұсыныс жасаған. Әншінің күйеуі қазір жауапкершілікті сезінетінін айтты.

Әншінің жары Камалдин  қазір үйіне құстай ұшатынын айтты. 

Akarman K
Автор

Akarman K

21 years old

Ұқсас жаңалықтар