"Өмір бойы қарғады": Жүнісова Нұрқаділовтың бірінші отбасы өзіне еш тыныштық бермей қойғанын айтты
- автор kyn.kz
- 20 қыркүйек, 2023
- 9.5k
Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділов өзіне көңіл білдірген тұста артынан сөз еріп, бірінші отбасы өзіне тыныштық бермей қоятынын білген. ол тіпті беделді күйеуіне соны түсіндіруге тырысып, қарым-қатынасты доғаруды да ұсынған екен. Бұл туралы KYN.KZ тілшісі "Алғашқы" бағдарламасына сілтеме жасай отырып жазды.
"Ең батылы барған жігіт Зәкең болды ғой. Ұстап алды да, қамап тастады ғой. Ол жалғыз болмады, нөкерлері болды ғой. "Көнсең де, көнесің. Көнбесең де, көнесің" деді. Сондай да махаббат болады екен.
Зәкеңе "Зәке, мен сізге ғашық емеспін. Қалай алайын деп тұрсыз мені? Мен сізді жақсы көрмеймін. Мен сізді сыйлаймын" дедім. "Екіншіден, сіздің отбасыңыз бар. Ертең олар мені қарғайды, күн көрсетпеуі мүмкін" дедім". Сол тура шықты.
Өмір бойы мені қарғаумен өтті. Өмір бақи менімен күресумен келе жатыр. Сол менің жүйкемді тоздырмады дейсің бе? Өтіріктен әртіс болып жүрмін, рөл ойнап... Шынына келгенде, мені сол тоздырды. Зәкеңнің махаббаты үшін әлі басымды иіп келе жатырмын. Ол кісі мені қорғаштады, қорғады. Тоздым мен, тоздым", - деді Мақпал Жүнісова.
Айта кетейік, осыған дейін Мақпал Жүнісова күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің қызғаншақ болғанын ашып айтқан болатын. Өнер иесі күйеуінің гастрольдік сапарларына шектеу қойғанын және репертуарының барлығын қадағалап отырғанын жеткізді.