Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мейрамбек Беспаев: Бірінші түріне ғашық болдым да, сонан кейін өзіне ғашық болдым

Мейрамбек Беспаев: Бірінші түріне ғашық болдым да, сонан кейін өзіне ғашық болдым
Ашық дереккөзі
Әнші жарымен қалай үйленгені жайлы айтып берді.

Әнші Мейрамбек Беспаев жарымен қалай танысып, қалай үйленгенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Бұл жайлы Аман Тасығанның "Алғашқы" бағдарламасында айтылған. 

Сұхбатта әншінің жары таныстықтарының қалай өткеніне тоқталды.  Кездейсоқ танысқан жұп қазір бақытты отбасы. Жұлдызды жұптың ұлы мен қызы бар.

"Музарт" тобы сахнада өлең айтып жатқан. Ол группаны мен білмеймін, қазір осылар айтып болсын сосын сен өтіп кетесің деген. Мына жерден шығып. Жарайды деп тұрғанбыз сахна сыртында. Қыздардың бәрі жүгіреді суретке түсуге. Мен түсінбеймін. Жалғыз өзім тұрғанмын. Сол кезде Мейрамбек тұрады да "суретке түсейік" дейді. Мен басқа жақта тұрғанмын негізі. Ана қыз түспейма деп ол мені көрсетеді. Танысайық қыздар деп сол кезде бастайды. Бәріміз атымызды айтамыз.Мен ол кезде "Музартты" да Мейрамбек Беспаевтың кім екенін де білмеймін. 17 жасымда. Сосын құрбымды алдым да кеттік дедім",-дейді әншінің жары Мархабат Беспаева. 

Мархабат анасынан Мейрамбек Беспаевтың кім екенін сұрастырған. Одан кейін ғана барып әнші жайлы білген екен. 

"Бүкіл қыз Музарт деп келіп жатыр, ол қарамай тұр да өзінше. Бұл қарамайды. Бұл қарамаған сайын... Бұл нағып қарамай тұр. Түрі әдемі екен.  Бірінші түріне ғашық болдым да, сонан кейін өзіне ғашық болдым. Сосын алу керек болды. Мамасы айтты ең болмаса 18-ге толсын деді. Жарайды деп 18-ге  толтырып алдыққой . Құдайға шүкір",- дейді Мейрамбек Беспаев.

Жарының алғашында мән бермегені назарын аударғанын әнші жасырмады. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар