Жамбылда мемлекеттен таңқурай отырғызу үшін бөлінген 900 млн тенге ұрланған
- автор kyn.kz
- 21 қыркүйек, 2023
- 3.5k
Жамбыл облысында мемлекеттен таңқурайдың элиталық сортын отырғызу үшін бөлінген 900 млн тенге ұрланған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Бюджеттен бөлінген қаражат өзіне тиесілі жерге жетпеген соң элиталық таңқурайдың мүлде отырғызылмаған болып шықты. 2 жылдың ішінде елімізге 900 млн тенге шығын келтірген. Осы іс бойынша қылмыс кодексіне сай тергеу басталды.
"Өздерінің қылмыстық әрекеттерімен 4 адамнан тұратын топ 2 жыл ішінде мемлекетке 900 млн теңгеден астам шығын келтірген. Биылғы 7 сәуірде осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 216-бабының 3-бөлігі және 218-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу барысында барлық күдіктілер қамауға алынып, олардың жалпы құны 1,9 млрд теңге құрайтын мүлкіне тыйым салынды. Ал 12 қыркүйек күні қылмыстық іс айыптау актісімен аяқталып, негізінен қарау үшін сотқа жолданды", - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.