Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әйеліне ерегескен петропавлдық туған қызын бесінші қабаттан лақтырмақ болды

Әйеліне ерегескен петропавлдық туған қызын бесінші қабаттан лақтырмақ болды
Ашық дереккөзі
Ол 6 айлық баланы терезеден лақтырмақ болып салбыратып ұстап тұрған

Петропавл қаласының тұрғыны өзінің туған қызын бесінші қабаттың терезесінен лақтырып жібере жаздады. 23 жастағы азамат бұл әрекетке әйелімен ұрсысып қалған соң бармақ болған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Кешқұрым үйіне мас күйінде  келген азамат әйелімен ұрысып қалған. Ашулы күйде тұрғын келіншегін алты айлық баланы терезеден лақтырамын деп қорқытқан. Бөлмені  құлыптап алып, ешкімді кіргізбеген. Қайта дер кезінде келген құтқарушылар терезе арқылы үйге кіреді. Ер адамды еденге құлатып, сәбиді аман алып қалды. Ал арнайы жасақ азаматты  ер адамның артынан қуып, әрең қолға түсірген. Көршілерінің айтуынша, жас отбасы жатақханаға бір ай бұрын ғана көшіп келген.

"Жастардың мәдениет дегенді білмейтіні көрініп тұр. Бір-бірімен күнде сөзге келіп, ұрсысып жатады. Балаға қандай үлгі көрсететіндерін білмеймін?!",-дейді куәгер Алма Жайсанова .

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар