Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Актер Әбілмансұр Серіков: 2017 жылдан бері, 4 баламмен жатақханада тұрдым

Актер  Әбілмансұр Серіков: 2017 жылдан бері, 4 баламмен жатақханада тұрдым
Видеодан кадр
Актер былтырдан бастап қана пәтер жалдап тұруға жағдайы жеткенін айтты

Танымал актер Әбунасыр Серіковтың ұлы Әбілмансұр Серіков өзінің 2017 жылдан бері жатақханада тұрғанын айтты. 4 баласы бар актер былтыр ғана жалдамалы пәтерге көшкен, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Бұл ақпаратты Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтты. 

"Төрт балам бар. Табысым шүкір, жеткілікті. Әр баланың өз несібесі бар. Мен енді былтырға дейін 12 шаршы метр жатақханада тұрдым. Бірақ соған бәрі сыятын. Қазір 44 шаршы метрге ештеңе сыймайды. Төртінші балам дүниеге келді, уақытша жалдамалы тұрғын үй бағдарламасына өтіп кеттік.

Ұлымның несібесі. Құдай соның несібесін беріп тұр. Ол болмаса, әлі жатақханада тұра беретін бе едік?! Қимылдаймыз ғой. Бірақ баспана мәселесі өте қиын. Қымбат. Жөндеу жұмыстарын істейін десең, құрылыс заттары қымбат.

Пәтер алайын десең, жақсы жерде орналасқаны қымбат. Қаланың шетінен алайын десең, алыс, сапасы ұнамайды. Сондықтан әр баланың өз несібесі бар. Табыс жеткілікті. Ниетің түзу болса, Алла өзі несібесін беріп отырады. 2017 жылдан бері жатақханада тұрдым. Әйеліммен бір спектакльге түсеміз. Әйелім түсінеді", - деді Әбілмансұр Серіков.

Актер онымен қоса әкесінің Шымкентте ем қабылдап жатқанын айтты. Массажын сонда жасатып, емделіп, денсаулығына байланысты уақытша сонда дейді. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар