Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Төбелестің неден шыққаны анықталды": Шымкентте дәрігерлерге шабуыл жасаған жігіт отбасылық жанжалдан кейін у ішкен

"Төбелестің неден шыққаны анықталды": Шымкентте дәрігерлерге шабуыл жасаған жігіт отбасылық жанжалдан кейін у ішкен
kyn.kz
Ол өзіне көмек көрсетпек болғандардың барлығын шетінен тепкілей жөнелген

Дәрігерлерге тағы шабуыл жасалды. Бұл жолы химиялық затқа уланған Шымкент тұрғыны ауруханада жанжал шығарды. Отбасылық жанжалдан кейін әдейі у ішкен 26 жастағы жігітті жедел жәрдем ауруханаға жеткізген екен.

Бірақ науқас жансақтау бөліміне жатпаймын деп, дәрігер мен санитарды сабап тастаған. Осы кезде жансақтау бөлімінде бірнеше ауыр науқас жатқан екен. Айқай-шуды естіп қалған жедел жәрдем фельдшерлері сотқар жігітті жерге жығып тыныштандырған. Қазір ол полицейлерге түсініктеме беріп жатыр. Ал таяқ жеген ақ халаттылар тәртіп сақшыларына арыз жазды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

"Бұл жерде науқас бізге сау адам қаралмайды ғой. Науқас болғаннан кейін диагнозы бар, әмбе белгісіз нәрсе ішкен. Бізде улану энцефалопатия дейді. Миына зақым келген. Өзінің диагнозымен психологиялық қозу болды деген болжам бар. Арыз түсірілген себебі, көп сөздер айтылды, туыстары жағынан да телефонға түсіріп, сондай болғаннан кейін амал жоқ, біз де арыз түсірдік",-дейді О.Орынбаев атындағы Жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығы басшысының орынбасары Сәкен Реметов.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар