Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Гүлзира Айдарбекова кенже ұлының "тәтті шәйін" өткізді

Гүлзира Айдарбекова кенже ұлының "тәтті шәйін" өткізді
Ашық дереккөзі
Нұртас Айдарбеков: Құдай қаласа, той болып қалады

Әнші әрі продюсер Гүлзира Айдарбекова тағы да құдалы болмақ. Бұл жолы кенже ұлының тәтті шәйін өткізіпті. Болашақ келіні онтүстікі екен, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Жуырда ғана өз сүйіктісін көпшілікке таныстырған Заңғар Нұртас отбасылы болуға тағы бір қадамын жасады.  Екі жақты бір-бірімен таныстырып, қазақтың әдемі дәстүрі "тәтті шәйін" өткізіпті. Бұл жайлы Заңғардың әкесі Нұртас Айдарбеков айтты

"Аллаға шүкір. Адамнан жасыра алмайсың ғой. Құдай қаласа, той болып қалады деген үміттеміз. Тәтті шай іштік. Құдай қаласа, бәрі дұрыс болатын шығар. Ертеңгі нәрсені айтудың өзі қиын болып қалды ғой. Дегенмен, үмітсіз емеспіз. Құпия ештеңе емес. Балаңның басы екеу болып жатса, қуаныш қой. Құдалар оңтүстік өңірдікі",-деді ол.

 

 

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар