Алматы облысында әріптестері 31 жастағы ер азаматты өртемек болған
- автор Akarman K
- 25 қыркүйек, 2023
- 8.7k
Алматы облыс Бақанас жерінде жұмыстағы жолдастары жігітті тепкілеп ұрып-соққан. Әбден жапа шеккен ер азамат қазір үйінен шығуға қорқады екен. Ал, түрлі қорлықты көрсеткен әріптестері әлі өз жазаларын алмаған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі «Көреміз» бағдарламасына сілтеме жасап.
Оқиға 11 тамыз күні таңғы сағат 9 жарым шамасында Балқаш ауданына қарасты Бақбақты ауылында болған. Бір жерде жұмыс жасайтын әріптестері ақша бермегені үшін ұрып кеткен. Зардап шеккен жігіт механик болып жұмыс істеген. Көлік жууға барған кезінде ақша, қаражаты болмаса көлігін беруді талап етуінің соңы осындай ауыр жағдаймен аяқталып отыр.
31 жастағы ер адам әлі толық тексерістен өтпеген екен. Бірақ, миы шайқалып, бет айналасындағы гематомалар бары, аяғын таспен кесілгені анықталған.
«Бір орында тұра алмайды. Дірілдеп тұрады. Ол кездегі сезімімді айта алмаймын. Ал, қазір күйеуімнің жағдайы жақсы. Ұрып-соққандардың әке – шешелері келіп кешірім сұрап, ақша беріп, іс қозғалмауын сұрады. Бұл іске қатысқандардың бірі Ермек бұрын істі болып сотталған,- дейді жапа шегуші Қанаттың әйелі Мадина Ерқанатқызы.
Арыз жазбауы үшін 10 мың доллор ақша берген, бірақ ерлі-зайыпты ақшаны емес, кінәлілердің заң алдында жауап беруін сұрауда. Қазір ерлі-зайыптылар заңгермен жұмыс жасап, бұл істі соңына дейін жеткізеді. Әріптестестерінен әлімжеттік көрген жігіттің құқығы заңмен қорғалады.