Басты жаңалықтар
Министр:биыл дәрігерлердің жалақысы 519 мың теңгеге дейін өсті
- автор kyn.kz
- 26 қыркүйек, 2023
- 1.0k
Орта медицина қызметкерлері 270 мың теңгеге дейін алады
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қазақстандық дәрігерлердің жалақысы қанша теңгеге өскенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап.
"Медицина қызметкерлерінің еңбекақысы биыл 2022 жылмен салыстырғанда едәуір өсті. Дәрігерлердің еңбекақысы – 397 мың теңгеден 519 мың теңгеге, ал орта медицина қызметкерлерінің еңбекақысы – 224 мың теңгеден 268,9 мың теңгеге дейін артты", - деді Ғиният үкімет отырысында.
Айтуынша, медициналық кадрлардың тапшылығын жою үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында соңғы үш жылда 8 мыңнан астам дәрігер даярланды.
Өңірлерге келген жас мамандарды бекітуді ынталандыру мақсатында әкімдіктер әлеуметтік қолдау көрсетеді.