Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Танымал блогер Арман Юсупов әкесіне сыйлаған 40 млн тұратын көлігін көрсетті

Танымал блогер Арман Юсупов әкесіне сыйлаған 40 млн тұратын көлігін көрсетті
Видеодан кадр
Көлікті анасының туған күнінде әкесіне сыйға тартқан.

Блогер, вайнер Арман Юсупов әкесіне құны 40 млн тұратын көлік сыйлады. Әкесі бұл сыйға таң қалды. «Бұл ертегі, бұл-жәннат» деп өз таңданысын білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Арман көлікті сыйға тарту сәтін инстаграм парақшасына жүктеген

«Жаңа салт пайда болды. Анамның туған күнінде әкеме көлік сыйлайтын» -деп жазба жариялады блогер. 

« Мен бұған мініп жүрмеймін. Қарап тұра берейін.  Бұл ертегі, бұл- жәннат. Балаларым сендерге алғысым шексіз»-деп өз рақметін білдірген блогердің әкесі. 

«Қандай күшті әке, қандай жақсы ұлды өсірген», «барлық балалардың ата-аналарын осылай қуантатындай жағдайы болсын», «ең күшті отбасы», «армандар орындалады», «бізгеде осындай балалар бұйырсын», «жарайсыңдар Карина, Арман»
 Айта кетейік, отбасылық қызықтарды түсіретін Арман Юсуповтың  инстаграмда 1млн 400 мыңнан  астам оқырманы бар, ал әйелі  Каринаның 4 млн 600 мыңнан астам оқырманы бар.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар