Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда 4 жасар баланы 19 жастағы өгей әкесі ұрып, өлтіріп қойды

Алматыда 4 жасар баланы 19 жастағы өгей әкесі ұрып, өлтіріп қойды
ашық дереккөзі
Өгей әке балақайды үнемі таяқтайтыны айтылды

Алматыда өгей әкесінен аяусыз соққы алған 4 жасар бала ауруханада жан тапсырды,деп жазды KYN.KZ  тілшісі.
Алматыда өгей әкесі 4 жасар баласын асқан қатыгездікпен соққыға жығып, салдарынан бүлдіршін жансақтау бөлімінде жан тапсырған. Бұл сұмдық жайт туралы «НеМолчи» қоры жазып отыр.


Жантүршігерлік жағдай 21 қыркүйек күні болған. Марқұмның туыстары балақайдың өліміне анасы мен өгей әкесін кінәлап отыр. Өйткені, азамат бүлдіршінді айуандықпен сабаған кезде шешесі күдіктінің қылмысын жасыруға тырысқан. Сөйтіп, дәрігерлерге түрлі ауыр жарақат алған баланы ойнап жүріп, құлап қалды деп айтқан. Әрі бұған дейін де бүлдіршін анасымен бірге тұрып жатқан ер кісінің ұрып-соққанын айтып, шағымданған екен. Сәйкесінше, марқұмның туған әкесі полицейлерге арыз түсіріпті.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның айтуынша, учаскелік полицей шағым бойынша баланың анасымен әңгімелескен. Алайда, келіншек тәртіп сақшыларын барлығы әкесінің ойдан шығарғаны деп сендіріпті. Яғни, деректі дұрыс тексермеген. Сондықтан, қазір учаскелік полицейге де қатысты қылмыстық іс қозғалған. Алматы қалалық полиция департаменді де сұмдық деректі растады. Қазір 4 жасар сәбиді ұрып өлтірді деп сезікке ілінген 19 жастағы жігіт қамауға алынған.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар