Әнші Тұрар Ыдырыс пен актриса Сара Амангелді қалыңдық пен күйеу жігіт болып отырған видео әлеуметтік желіде тарады. Бұл тойға біраз танымал тұлғалар келген. Нұрболхан Шарапов секілді актерлар бой көрсетті. Бұл әнші Тұрардың алғашқы рөлі, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
«Жар-Жар» картинасында ғашық жұп болып ойнау Сара мен Тұрардың еншісіне тиіпті. Бұл жастардың сүйікті әншісі Тұрар Ыдырыстың алғашқы киноға қадам басуы.
« Мен болмысыма қарай рөл болатын шығар деп ойладым. Бұл қарапайым қылтың-сылтыңы жоқ жігіттің рөлі екен. Үйленетін баланың. Кинода ақша аз төлейді екен. Мен бірдеңеге сенемін да. Осы кинода мен үйленемін. Сол басыма келсе екен. Себебі, ән жазып, клип түсірсем үнемі сондай бірдеңе болады»-дейді Тұрар Ыдырыс.
4 жыл бойы араз болған Нұрболхан мен Ләйлә Сұлтанқызы бірге бұл түсірілімде бой көрсетті. Ләйлә Сұлтанқызы ұзатылатын Сараның анасының рөлін ойнайды екен. Ал, әкесінің рөлі Қайрат Әділгерейге бұйырыпты.
Бұл кинодан басқа да танымал актрисаларды көруге болады. 16 қарашада түсіріліп жатқан киноны халыққа ұсыну жоспарланып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
"Проблемам бітпей кетті": Сәкен Майғазиев жұртқа өз ақылын айтты
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024