Қыз 28 шілде күні түнгі 12 шамасында үйінен шығып кетеді. 4 сағаттан кейін анасына амандығын айтып, жылап хабарласады. Одан соң жас қыздан анасы мүлдем хабар алмаған. Құзырлы орын қызметкерлері 2 ай бойы қызды таба алмай келеді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Арайлым анасына «мәселемді шешіп алайын сосын барамын» деген. Әжесі жағдайды қатты уайымдап, бұл іске немересінің құрбысы Аружан Тұрарбекті кінәлауда. Бірақ, бұл қызда Арайлымды көрмегенін айтты. Арайлымды іздеп, бұрынғы жігіті, оқу орны, таныстарынан сұрастырған. Еш оң нәтиже шықпаған. Бәрі бұл оқиғадан хабарсыз екенін айтқан.
«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қыздың орналасқан жерін анықтау бойынша шұғыл іздеу жұмыстарын жүргізуде»,- дейді Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.
Кейіннен Арайлым інісіне қиын жағдайға тап болғанын айтып хабарласқан.
Қыздың группаластары үнемі Арайлымның қарызға ақша сұрайтынын айтты. Кейіннен іздестіру нәтижесінде қыздың Алматы қаласында тұрып жатқаны анықталған.
«Барлығы мені оқуымды төлей алмағаным үшін әбден ұрысқан. Мені бұзылып кеттің деп айтты. Мен кетемін деп шештім. Не болса да өзім көремін деп үйімнен кеттім. Мен ата-анамды көргім келмейді. Мен оларға бармаймын. Егер бірдеңе болатын болса, мен өз өзіме қол жұмсаймын. Мен қазір ешкімнен қысым көріп жатқан жоқпын», - дейді Арайлым .