Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Танымал жас актриса Сара Амангелді неге жігітінің жоқ екенін айтты

Танымал жас актриса Сара Амангелді неге жігітінің жоқ екенін айтты
Инстаграм парақшасынан алынды
Сара: "Маған қандай жігіттер қарайтынын көрсеңіздер ұйықтай алмай қаласыздар" деп мақтанып қояйын.

Танымал жас актриса Сара Амангелді неге жігітінің жоқ екенін айтты. Оқырмандары әншіге жиі осы сауалды қояды екен. Ол өз парақшасында көпшілікті қызықтырған бұл сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Сараның Тұрар Ыдырыспен жүрген видеосын көріп  жұрт оларды жұп деп ойлаған. Бірақ, шын мәнінде емес, кинодағы жұп болып шықты. Бұны білген оқырмандары не үшін жігітінің жоқтығын сұрады. «Мүмкін мінезің ауыр болғандықтан жігітің жоқпа Сара?» деп жазды олар. 

«Мінезім ауыр емес, менің мінезім күшті. Сіздер білмейсіздерғой қандай жігіттер қарап жатқанын, көрсеңіздер ұйықтай алмай қаласыздар деп мақтанып қойсамда болады. Мен бұрынғы әдеттерімді қойдым, жақсы жігіт  болуы керек. Талаптарым жоғары. Анау-мынау мінезбен мені сыныра алмайды. Мен жігіт іздеп жүрген жоқпын. Мен оны іздемеймін. Мен өзіме сай келетін жігіт көрген жоқпын. Көріпкелдік қасиетім бар, түс көрем. Сол үшін»,- дейді Сара Амангелді.

Қазір  Сара әнші ретінде «Ковер шоуға» қатысса, актриса ретінде танымал қазақстандық сериал «келінжанға», «жар-жар» киносына түсіп, жан-жақты жұмыс жасауда.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар