Бақтияр Ыбраев, Андрей Худяков пен Асадбек Нәзірқұлов 10 метрден қозғалмалы нысанаға атудан 1111 балл жинады
Қазақстандық мергендер Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KYN.KZ туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Бақтияр Ыбраев, Андрей Худяков пен Асадбек Нәзірқұлов 10 метрден қозғалмалы нысанаға атудан 1111 балл жинап, екінші орынға ие болды. Алтын медальді Оңтүстік Корея спортшылары (1116 ұпай), ал қоланы Индонезияның командасы (1098) алды.
Қазақстандық мергендер осымен үшінші медальге қол жеткізіп отыр. Бұған дейін Никита Чирюкин жылдам атылатын мылтықтан қоланы жеңіп алса, Ислам Сәтбаев мен Александра Ле жұбы 10 метрлік пневматикалық мылтықтан ату жарыстарында үшінші орынға ие болды.
Айта кетері, Азия ойындарындағы алғашқы күмісті дзюдошымыз Абида Әбужақынова ұтып алды.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Талдықорғанда допинг дауына іліккен спортшы Қазақстан чемпионы атанды
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 қараша, 2024