Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда студент азаматтық некедегі ұстазының ұлын ұрып, ішкі ағзаларының бәрін езіп жібергені айтылды

Алматыда студент азаматтық некедегі ұстазының ұлын ұрып, ішкі ағзаларының бәрін езіп жібергені айтылды
Ашық дереккөзі
Дәрігерлер  баланың бауыры 2-ге бөлініп, бүйрек езіліп,ішектері үзілгенін айтты.

Алматыда 4 жасар балақай ересек адамның қолынан өлді. Хантөрені анасының көңілдесі асқан қатыгездікпен ұрып өлтірді деген күдік бар. Хантөре әкесімен кездескен сайын өзін бөтен ағаның ұратынын, талай рет астына басып тұншықтырғанын айтқан,  деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Бала ер адамның ұрғанына дәлел ретінде денесіндегі көгерген тұстарын көрсетіпті. Марқұмның туыстары “Әкесі бұл сұмдықты айтып полицияға арыз жазған, алайда ешкім баланың тағдырына араша түспепті” деп отыр. 

Кезекті тепкі, таң атпай Хантөрені ұрып-соғу 21 қыркүйекте болды. Бүлдіршіннің есінен танғанын көре тұра анасы еш көмек көрсетпеген. Самал әдеттегідей жұмысқа кеткенде, өгей әкесі есі кіресілі-шығысылы күйде  баланы бақшаға әкеледі. Ұялмай ауырып тұрғанын айтады. Кіре салып төсек тартып жатып қалған Хантөре 1 сағаттан соң лоқсып құсып жағдайы нашарлай бастайды. Жедел жәрдеммен шұғыл балалар ауруханасына жеткізіледі.

Дәрігерлер  баланы қарап, бауыры 2-ге бөлініп кеткен, бүйрек езілген, ішектері үзілген, кішкентай жүрегі бір тоқтап, бір соғатынын айтқан. Қысқасы, 4 жасар баланың ішкі органы түгел езіліпті, сау жері жоқ. 

Дәрігерлер шұғыл күрделі ота жасап, араша түскенімен Хантөренің жанын сақтай алмады. Періште 5 күн қиналып, есін жимастан көз жұмды. Бүгін жер қойнына тапсырылды.

Анасы тергелуде, күдікті қамауға алынды.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар