Басты жаңалықтар
Абай облысында 4 жасар баланың денесін сөмкеге салып, тас жол жиегіндегі дәретханаға лақтырып кеткен
- автор kyn.kz
- 27 қыркүйек, 2023
- 3.1k
Анасы ұлын күтушіге қалдырған. Қылмысты бала күтушінің күйеуі жасаған деп болжануда.
Абай облысында 4 жасар баланың мәйіті табылды. Баланың денесі спорттық сөмкеге бүктеліп салынған күйі жол бойындағы дәретханада жатқан, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Баланың анасы ұлын күтушіге қалдырып жұмысқа кеткен. Осы кезде күтуші баланың анасына ертерек кетуі керектігін ескертіп, ұлды танысына қалдырып кеткенін айтқан. Әйел ұлын іздеп таппай қалған. Сол аралықта қайғылы оқиға жайлы хабар тараған.
Қазір полицейлер бала күтушісі мен оның күйеуін ұстаған. Бірнеше медициналық сараптамалар мен сот алды тергеу басталды. Бұл жөнінде Дина Тәңсәріге желі арқылы хабарласқан азаматтар айтқан. Полиция оқиғаның орын алғанын растағанымен қалай болғаны жайлы ақпарат беруге ерте екенін түсіндірді.