Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ұзынағашта 13 жастағы қыз жұмбақ жағдайда көз жұмды

Ұзынағашта 13 жастағы қыз жұмбақ жағдайда көз жұмды
Ашық дереккөзі
Айсұлу Шадаеваның өлі денесі мал қорадан  табылған

10 Тамыз 2020 жылы Айсұлу Шадаеваның өлі денесі мал қорадан  табылған. Қыздың жақындары бұл оқиғаның қалай болғанын мүлде білмейді.  Олар Айсұлудың өзін-өзі өлтіру мүмкін емес деп отыр. Әпкесі  өмірге құштар  сіңілісінің жұмбақ өлімі түсініксіз жайтқа толы екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Дүйсенбі күні   анасы дәрігерге қаралуға кеткенде Айсұлу үйінде болған. Үйін жинап, кір жуып, үйдің жұмыстарын бітірген.  Әкесі жұмыстан келгенде қыздың қорда орамалды байлап, асылып  өлген  мәйітін бірінші  болып көрген. 

«Үлкен орамал төбеге екі рет байланған. Орындық, баспалдақ ештеңе қорада жоқ, болмады. Қыздың бойы жетпейді ол орамалды байлауға. Бұл орамал қатты байланып тұрған.  Әкем мәйітті алған кезде орамал тез-ақ қыздың мойынынан шешілген. Аяқ киімін де әдемілеп қосып қойған. Сырғасын қораның бір бұрышынан таптым. Телефоны бөлек, сүртіліп таза күйінде тұрды. Құлып қораның сыртында тұрды»,  - дейді Айсұлудың әпкесі Әйгерім Шадаева болған жағдайды баяндап. Ол бұл жағдайды қыздың өзі жасамады, арнайы дайындалып жасалған дейді ол. 
 

Қыз өзіне сырға жасап, қолөнермен айналысқан.  Арман, мақсаты айқын қыздың қызығушылығы көп болған . Мектепте белсенді оқушы болып, спортқа да бейім болған. 

Қыздың анасы мен әпкесі  Айсұлу өлген күні үйінен  50 мың тенге ақша жоғалғанын айтты.  Олардың ойынша үйге бір адам келіп  ақшаны алып, оған қарсыласқан қызды өлтіріп, соңында оны қораға байлап кеткен немесе  біреу Айсұлудан ақша талап еткен.

Бұл іс 11 рет қозғалса да әлі дұрыс нәтиже көрсетпеген. Алдағы уақытты жұмбақ өлімнің қалай болғаны анықталады. Қазіргі таңда тағыда іс қозғалып, шындық үшін күресуде.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар