"Мен өз ақылыма сенемін": Балжан ажырасқаннан кейінгі өміріндегі өзгерістер жайлы ашып айтты
- автор kyn.kz
- 27 қыркүйек, 2023
- 3.3k
Әнші Балжан Бидаш ажырасқаннан кейінгі өміріндегі өзгерістер жайлы ашып айтты. Уақыт емші екеніне көзі жеткенін жазды. Бұл жайлы 1 млн оқырманы бар инстаграм парақшасында бөліскен, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Әнші Stories-інде өзінің болашағына алаңдаулы екенін ашып айтты. Қытайға қосымша табыс көзі болсын деп жұмыстармен барғанын жасырмады. Өкінішке орай, ол жұмыс өзіне сай келмепті. Әнші сонда да тоқтамай түрлі салада өзін байқап көрмекші. Тарықпай өмір сүру үшін тоқтамай жұмыс істеуге дайын екенін жазды.
"Сіздерге бірнәрсе айтуым керек. Ішіме сыймай бара жатыр... Соңғы оқиғадан кейін сіздер көріп жүрген Балжанның ішінде қандай өзгеріс болып жатқанын айтқым келіп тұр. Қай оқиғаны айтып отырғанымды түсініп жатырсыздар ма? Шынымды айтсам, қазір менде бәрі жақсы. Уақыт емші екеніне көзім жетуде. Бүкіл күйзеліс, стрессті тезірек тастауға тырыстым. Нәтижеге жетіп жатырмын. Өзімді қолға алдым, жиналдым. Бұл өмірдің заңы. Әр адамның басынан өтуі мүмкін нәрсе. "Ажырасу - кішігірім өлім" деп бекер айтпаған. Сондықтан мұны ешкімге тілемеймін. Әңгіме болып жатқанын да білемін. "Ары қарай қалай өмір сүресің" деп сұрағанда ғана ол нәрсе есіме түсті. Мен өз ақылыма, сіздердің қолдауыңызға сенемін. Алдағы өмірімде бір ғана ой мазалайды. Бұл мен сияқты кезеңде жүрген әйелдер қауымын да алаңдатады. Қиын жағдайға жүрген жандар түсініп отырған болар. Қазір өзіме өзім қорғанышпын. Шүкір, ата-анам, бауырларым аман. Бірақ, мен өзім үшін жауап бергім келеді. Қандай жағдай болмасын тек алға жылжу керек. Алдында Қытайға барған себебім де қосымша табыс көзін іздеу еді. Өкінішке қарай, таппадым. Сонда да тоқтамай, ізденудемін. Менде қазір бір ғана мақсат тұр. Ол - жарқын болашақ. Еркін, тарықпай өмір сүру үшін жаңа істі байқап көруге, ізденуге дайынмын",- деп жазды Балжан Бидаш.
Өзінің болашағы үшін алаңдап, қолыннан келгенін жасап жатқан әншіні оқырмандары қолдады. "Жеңілдігін берсін", "еңбекқор қызсыңғой, қолыңнан келеді", " соңғы кездегі белсенділігің өте жақсығой, енді табысың да артар", "дұрыс, бір кәсіп ашып алсаң жақсы болады, дөңгелетіп әкетесің" деп пікірлерін білдіруде.