Нұрлан имам келініне көз салатын қайын аталар көбейгенін, мәселеден шығу жолын айтты
- автор kyn.kz
- 28 қыркүйек, 2023
- 7.8k
Нұрлан имам келініне көз салатын қайын аталар көбейгенін, мәселеден шығу жолын айтты. Имамға көп келіндер шағымданып, қайын атасының ешкім жоқта тиісетінін жазады екен, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Имам келіндерге жабық киініп, артық қайын аталарымен сөйлеспеуге кеңес берді. Қажет жағдайда өзін қорғау үшін бөтелкемін ұруына болатынын айтты. "Қазір маған көп келіншектер жазып бастады. Қайын аталар келіндеріне қол жұмсап жатыр екен. Өз баласына қиянат жасайын деген шығар. Мүмкін сенен де бар шығар. Сіз себеп бермеңіз. Ашық шашық жүрмеңіз. Келін болмақ түгілі, кім боса да жылтырақ киіп жүрсе адамның көзі тартылып кете береді. Ол - адам, ол - пенде. Егер шын мәнінде солай болса видеоға жазып ал. Кейін бетіне басасың.
Егер қол жұмсаса, қолыңда тұрған бөтелкемен басынан ұр. Кесемен ұр. Келінсің ба жөніңмен келін бол. Кейбір келіндер болады өзі ырбиып отыра береді. Сенің қызыңның басына кесін де. Шәйді берді да кетіп қал. Балам жылап жатыр де . Ауыр айтуға тура келіп тұр. Адам өзінен де бар. Ешкім тыныш жүргенге тиіспейді. «Тана көзін сүзбесек бұқа жібін үзбейді» деген дұрыс айтылған",-деді Нұрлан имам.