Түркістан облысында 17 жыл бойы қыздарды құлдықта ұстаған ағасы мен жеңгесінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
- автор kyn.kz
- 28 қыркүйек, 2023
- 7.7k
Түркістан облысында 17 жыл бойы Назгүл мен Құндыз есімді қос аруды құлдықта ұстаған ағасы мен жеңгесінің үстінен журналист Руслан Өтепбай іс қозғаған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Бұл ақпаратты журналист instagram парақшасында мәлімдеді.
Ағасы Сәулебек апалы-сіңліні қой бақтырып, тұрмыстық өмірге керекті заттармен қамтамасыз етпеген . Мемлекеттен ол қыздарға бөлген ақшаны өздері жаратқан. Бұл оқиғаны көрген қыздардың бұрыңғы сыныптастары жағдайларының мүшкүл екенін хабарлаған еді. Қазір қыздар үш аптадан бері кешенді ем қабылдауда.
"Апалы-сіңлі ем қабылдау үшін медициналық орталықтың жанынан пәтер жалдадық. Сонымен қатар олардың тамағын әзірлеп, жуындырып, киімдерін тазалауға күтуші жалдадық. Қыздар үш ай бойы Алматы қаласында ем қабылдайды", – деп жазды Руслан Өтепбай.
"Қыздардың ағасы мен жеңгесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқыс жағдайда қайтыс болған інілерінің өлімі қалай орын алғанын анықтау үшін тілшілер дәлелдер жинауда" , – деді журналист.
Еске сала кетейік, Түркістан облысына қарасты Ескі Шілік ауылында апалы-сіңлілі қыздарды туған ағалары Сәулебек Әбілдаев еңбек құлдығына пайдаланған. Бұл оқиға қоғамда үлкен дау тудырды. Туған ағасының мұндай іске барғанына халық ашуланып, жазалау керектігін айтқан болатын.