Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Баян Мақсатқызы: көлік жүргізетініме 20 жыл болса да, оған жанармай құю керек деп ойламаппын

Баян Мақсатқызы: көлік жүргізетініме 20 жыл болса да, оған жанармай құю керек деп ойламаппын
Видеодан кадр
Баян Алагөзова басынан өткен келеңсіз жағдаймен бөлісті.

Баян Алагөзова  басынан өткен жағдаймен бөлісті. Продюсер көлік жүргізітеніне  20 жыл болса да, оған жанармай құйып көрмегенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Бұл туралы Late night show-да айтқан

"Сағат 11-де маған Баян хабарласты. "Сен маған қандай бұзылған көлік әпергенсің,жолда тоқтап қалды" деді. Мен телефонмен түсіндіріп барлығын айттым. Ол ештеңені түсінбеді. Мен жанармай таусылған, сосын шығар дегенмін. Ол «жоқ, жанармай бітпеді" деп тұрып алды. Мен тез адам жібердім. Өзім ол көлікті кешегі аптаға салоннан алғанымды, онда тек жанармай біткенін біліп тұрмын. Жіберген адамым барса, шынымен де жанармай біткен екен",- дейді Тұрсын Алагөзов. 

"Мен көлік айдайтыныма 20 жыл болды. Өзім жанармай құйып көрмеппін. Менің көлігіме басқалар құйып дайындап қоятын. Мен солай жолда қалдым. Бәрі маған дыбыстады. Адам келгенше көлік ішінде күттім. Мен көлікті жанармаймен айдау керек деп ойламағанмын. Мүлде ойыма кірмепті. Сол сәтте ғана ойландым",-деді Баян Мақсатқызы. 

Продюсер одан бөлек қонақ үйде берілген тегін аяқ киімдерді алып кеткен кездерінің болғанын да жасырмады. "Сапалы болса әкете беремін",-деді ол.  Жұлдызды жұп қара жорғаға билеп, сұрақтарға қызықты жауап берді. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар