Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Барлық музыканттардың арманындағы студия": Jah Khalib бассейні, террасасы бар студиясын көрсетті

"Барлық музыканттардың арманындағы студия": Jah Khalib бассейні, террасасы бар студиясын көрсетті
Инстаграм парақшасынан алынды
Әншіге шығармашылық орынның жайлы болғаны маңызды екен.

Белгілі әнші Jah Khalib жұмыс істеп, ән жазатын студиясын көрсетті.  Әншінің студиясында бассейн, ас бөлме, демалатын бөлме,  әдемі көрініспен терассасы бар, спортпен айналысуға жағдай жасалған. Оның жұмысына деген осындай махаббаты тыңдармандарын таң қалдырды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Әнші студиясын Бейбіт Әлібековтың бағдарламасында көрсетті. Сыртынан қарасаң үлкен үйге ұқсайтын бұл студияда ән жазуға, шығармашылықпен айналысуға тіпті өмір сүруге бар жағдай жасалған. Әр бөлмесін әр түрлі мақсатта қолданған. Бірі ән жазатын студия болса, екіншісі концерттің жоспарын құратын, үшіншісі кететін қаражатты есептейін жер екен. 



Желі қолданушылары әншінің өз ісіне өте жауапкершілікпен қарайтынына таң қалды. "Оның жұмысына деген махаббаты құрметтеуге тұрарлық", "өзінің арманын орындады, енді өзгелерге көмектесуде",  "талантты адам","барлық музыканттардың арманындағы студия" деп пікір білдірді. 

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар