"Баламның әкесінің кім екенін білмеймін": 17 жастағы қыз өзінің бес айлық баласына әкесінің тегін бере алмай әлек
- автор kyn.kz
- 29 қыркүйек, 2023
- 13.2k
17 жастағы Гүлмира өзінің бес айлық баласына әкесінің тегін бере алмай әлек. Ол өзіне сезім білдірген Оралхан есімді жігітпен көңіл қосқан. Жігіт "үйленемін" деп, бірақ кейіннен сөзінде тұрмайды. Аяғы ауыр екенін білген қыз анасына болған жағдайды айтады. Гүлмираның анасы жігіттің отбасымен сөйлесіп, екеуін үйлендереді. Бірақ, үйленген соң екі айдан кейін Оралхан "бұл бала менікі емес" деп қызды үйіне апарып тастаған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Қазір Гүлмира ұлының әкесі кім екенін білмей, тегін бере алмай жүр. Себебі, үйленген жігіт Оралхан "сен басқа адаммен сөйлестің, сол баланың әкесі" деп үйіне қайта апарып тастаған. Өзінің бұл баланың әкесі екеніне сенбейтінін айтқан.
Оралханның отбасы қыздың басқа адамы бар. Ол бала содан болуы мүмкін. Олар бірге тұрған уақытты қыз Оралханды ұнатпайтынын, әкесі басқа біреу екенін ашық айтатын дейді.
"Басында маған олар келін сияқты қарайтын. Кейіннен өзгерді. Оралхан балам дүниеге келген соң оны көрмеді. Баланы көтеріп шықса да оның бетіне қармайтын. Тегін балама берген жоқ",-деді Гүлмира.
Баланың әкесі болуы мүмкін тағы да бір күдікті Мәди Қоңырбай. "Жыныстық қатынаста болмадым. Өзінен сұраңыз. Қолымның ұшын тигіздім, бірақ артық кетпедім",-деді ол.
ДНК сараптамасы жасалып, Мәдидің баланың әкесі емес екені анықталған. Қазіргі кездегі баланың әкесі болуы мүмкін жалғыз күдікті Оралхан. Ол әлі де ДНК сараптамасын жасатудан қашып жүр екен.