Атыраулықтар Тоқаевтан қыздарға мектепке орамалмен кіруге рұқсат беруін сұрады (видео)
- автор kyn.kz
- 29 қыркүйек, 2023
- 4.0k
Ел президенті Қасым - Жомарт Кемелұлына арнап атыраулық жамағат бейнеүндеу жариялады. Олар қоғамдық дау туғызып отырған мектепке орамалмен бару мәселесін қозғады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Білім ордасына емін-еркін қыздары мен қарындастарының орамал тағып баруға рұқсат сұрауда.
"Мақат ауданы мешіті жамағаты ата заңымызды кепіл ете отырып осы бейне үндеу өтінішімізді ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа жолдаймыз. Құрметті президент тәуелсіз еліміз қазақ елінде қарындастарымыз бен қыздарымыз ата-бабамыздан келе жатқан асыл дінімізде парыз болған орамалмен білім-ордасына емін-еркін кіріп білім ала алмауда. Мектеп қабырғасы асыл дінімізді жат көріп ашық күреске шықты. Мұсылман қауымының уайымы болған осы мәселені заң аясында шешіп беруіңізді сұраймыз",-дейді Атырау жамағаты.